Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бекзад Нұрдәулетов Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы пікір білдірді

30 шілде 2021, 00:39

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы бірінші рет пікір білдірді.

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Бекзад Нұрдәулетов 81 кило салмақта 1/8 финалда жеңіліп қалды. 2019 жылы әлем чемпионы атанған отандасымыз бірінші айналымда ресейлік Имам Хатаевқа есе жіберді. Сөйтіп жарыс жолын аяқтады.

«Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын. Қандай жағдай болмасада қасымда табылатын Отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына», – деп жазды боксшымыз Instagram парақшасында.
 aikyn.kz