Белгілі бапкер Головкин "Канелоны" қалай жеңе алатынын айтты

14 наурыз 2022, 17:50

Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші айқаста техникамен жұдырықтасуға тырыспай, барынша агрессия көрсету керек деп есептейді. Бұл туралыFightnews.info-ке сілтеме жасаған kaz.vesti.kz хабарлайды , - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

"Үшінші айқаста Головкин жақсырақ жұдырықтасады деп үміттенемін, дегенмен, бәрі оның қалай дайындалатынына байланысты. Геннадий нашарлап кетті дегенім емес. Ол әлі де бабында. Бапкері де жақсы, бірақ, Головкин бокс көрсетіп, техникаға сүйенгені "Канелоға" пайдалы болып тұр деп есептеймін.

 

Оның бетін Сергей Деревянченко қалай еткені естеріңізде ғой. Ол техникамен жұдырықтасуға тырыспай, өзіне Геннадий болуға мүмкіндік беру керек", - дейді Санчес.