Бокс

Белгілі экстрасенс Головкинді алда не күтіп тұрғандығы жайлы болжам айтты

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Танымал экстрасенс Әлия Сәлімова Геннадий Головкиннің спорттағы мансабында не күтіп тұрғандығы жайлы болжам айтты. Экстрасенстің сөзінше, боксшы жақын арада спортпен қош айтысуы да мүмкін екен деп жазады NUR.KZ.


"Битва экстрасенсов" жобасының қатысушысы Әлия Сәлімова боксшының мансабы бүгінде еш өзгеріс жоқ екенін айтты.


"Әр спортшының мансабында "күн атып, бататын" кезең болады. Генада дәл қазір сондай кезең болып тұр. Бірақ Сауль Альвареспен тағы бір жекпе-жек болатынын көріп тұрмын.  Онда кімнің жеңіп-жеңілетінін айту қиын. Себебі, таразыны көріп тұрмын. Ол дегеніміз – не біздің тарап, не екінші тарап жеңіп кетуі әбден мүмкін дегенді білдіреді",-деді экстрасенс.



Сонымен бірге ол боксшы көп ұзамай спорттық мансабымен қош айтысуы әбден мүмкін деген болжам айтты.


"Жаңа айтып өткендей боксшы мансабында "күн батқан" кезең болып тұр. Десе де ол спорттан кеткен күннің өзінде үлкен атақ-абыроймен кетеді. Дәл қазір қош айтыспайды, бірақ бірер жылдан кетуі әбден мүмкін.


Негізі бір жеңіліс болды екен деп, спорттағы бүкіл жетістіктерін ысырып қоюға болмайды. Головкин өзінің мықтылығын дәл қазір емес, бірақ алдағы уақытта тағы бір мәрте дәлелдейтін кезең болады", - деді экстрасенс.


 




 




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 18:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30