Бетербиев "Канеломен" өтетін айқас жайлы айтты

22 желтоқсан 2021, 09:10

WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Артур Бетербиев мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы пікір білдірді.

 

"Тыңдаңыздар! Егер Альварес жартылай ауыр дивизионға ауысса айқас өткізуге дайынмын. Мықтылармен жекпе-жек өткізуге қарсы емеспін. Ал Сауль болса мықты боксшы", - дейді Бетербиев BoxingSscene басылымына берген сұхбатында.

 

Еске салайық, биылғы жылдың қараша айында мексикалық спортшы Калеб Плантты 11 раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта кезекті белбеуін иеленді. Бұл Альварестің карьеасындағы 57 жеңісі болды.

 

 

kaz.vesti.kz