Бивол "Канелоға" қарсы кездесуде неге Ресейдің туымен шықпағанын түсіндірді

11 мамыр 2022, 19:07

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы кездесуде Ресейдің туын неге алып шықпағанын түсіндірді. Бұл туралы vesti.kz тілшісі "Чемпионат" порталына сілтеме жасап жазды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Бұл кездесу 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өткен еді.

 

"Мен әу баста-ақ тусыз шығамын деп жоспарладым. Негізі біздің жекпе-жек мүлде өтпей қалуы мүмкін еді. Кездесуді өткізуге рұқсат бергеніне рақмет", - деді Бивол.

 

Айта кетейік, аталған айқастан Бивол "Канелоны" төрешілердің шешімі бойынша 115-113 есебімен жеңді.