Бивол "Канеломен" айқасқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

15 мамыр 2022, 10:43

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) қарымта өткізу үшін мексикалық боксшы абсолют чемпион саналатын суперорта салмаққа түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Жартылай ауыр дивизионда өткен Лас-Вегастағы бірінші айқаста Бивол төрешілер шешімімен жеңген болатын.

 

"Мұны "Канелоның" командасымен талқылай аламыз. Сөйлесуге болады. 76,2 келіде жұдырықтаспайтыныма 100 пайыз кепіл жоқ. Бұған толық сенімді болмасам да сөйлесуге болады. Коронавирус пандемиясына дейін сенімді болдым. Ал қазір салмақ жинап алдым. Тым көп жедім. Жедім, жедім, бірақ, жұдырықтаспадым", - дейді Бивол.