Боб Арум Қазақстанның бокстан келесі жұлдызын атады

17 мамыр 2022, 18:52

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 21 мамырда Лас-Вгаста өтетін кәсіби бокс кешінің жұлдызы - ешқашан жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы болатынын хабарлады. Бұл туралы kaz.nur.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Ол британиялық Дэнни Дигнуммен орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

 

Арум Жәнібекке үлкен үміт артатынын атап өтті.

 

"Сенбі күні кешке әдемі Resorts World Las Vegas-та қазақстандық келесі супержұлдыз Жәнібек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы титулы үшін Дэнни Дигнуммен кездеседі. Бұл ESPN және ESPN+ арналарында көрсетілетін нағыз керемет кездесу болмақ",- деп жазды ол әлеуметтік желіде.

 

Еске сала кетсек, отандасымыздың АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жегі "Хабар" телеарнасының тікелей эфирнінен 22 мамыр күні сағат 08:00-де көрсетіледі.