Бокс аңызы "Канело" - Головкин айқасына батыл болжам жасады

07 маусым 2022, 00:34

Мексикалық бокс аңызы Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Чавестің сөзінше, "Канелоға" Головкинмен айқас ауырға түседі, алайда, бұл жолы Альварес нокаутпен жеңіске жетеді екен.

 

Алдыңғы екі жекпе-жекте Сауль мұндай жасай алмаса да - біріншісі тең аяқталып, екіншісінде мексикалық төрешілердің бөлек шешімімен үстем түскен еді.