Бокс

Бокстан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әл біріншілігінде кімдерге сенім артып отырғанын агенттік тілшісіне айтты.


«Боксшыларымыз үшін биылғы жылдың басты додасы алда Ресейде өтетін – әлем чемпионаты. Біз – дайынбыз»,-деді бапкер.


Әлем чемпионатына 8 боксшы барады.


«Жалпы, біріншілікке 8 салмақта әр салмақтан бір-бір боксшы апаруды жөн деп санадық. Атап айтар болсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Қайрат Ерәлиев, 63 келде Зәкір Сафиуллин сынға түссе, қазақтың салмағы атанып кткен «69 келіде» Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде соңғы Азия ойындарында жасындай жарқырап, чемпион атанған Тұрсынбай Құлахметке сенім артып отырмыз. Ал 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит шаршы алаңға шығатын болады. Ал аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды», - деп атап өтті бас бапкер.


Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 8-22 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді.


 




Көрілген: 921    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30