Бокс

Бокстан Әлем чемпионатының ¼ финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширекфиналдық ойындары өтеді. Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де басталатын күндізгі жекпе-жектерде Сәкен Бибосынов (52 келі) армениялық Артур Оганесянмен, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) те сол елдің өкілі Арман Дарчинянмен қолғап түйістірсе, Василий Левит (91 келі) иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңға шығады.


Ал кешкі жекпе-жектер елорда уақытымен 20.00-де басталады. Бұл уақыттарда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен, Қайрат Ерәлиев (57 келі) өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.


Жартылай финалға жолдама алған боксшылар 20 қыркүйекте жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.


Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-і «күміс» және 17-і «қола». 


 




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31