Бокс

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілді?

  • Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілді?

    Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілді?

Алматыда Қазақстан бокс федерациясы 2021 жылғы Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионаты жүлдегерлерін марапаттады, -деп хабарлады baribar.kz.

Қазақстандықтар 2021 жылғы әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бес медаль – екі «алтын», екі «күміс» және бір қола медаль жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан AIBA рейтингінде бірінші, ал командалық есепте Кубадан кейін (үш алтын, екі қола медаль) екінші болды.

Жаңа құрам өзін сәтті көрсетті. Біз тапсырманы орындап, қазақстандық жанкүйерлер үмітін ақтадық деп есептеймін. Боксшыларымызды әлем чемпионатындағы сәтті өнерімен құттықтаймын, — деді федерацияның басшысы Кеңес Рақышев.
Боксшыларды федерация ақшалай сыйлықпен марапаттады. Чемпиондар Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әрқайсы 70 000 доллардан алды. «Күміс» жүлдегерлер Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов 50 000 доллардан, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіпов 30 000 доллардан иеленді.

Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Бек Нұрмағанбет, Ерлан Сапарбай 800 000 теңгеден марапатталды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов 10 000 доллар алса, медаль алған боксшылардың жеке бапкерлерінің әрқайсы 5 000 доллардан алды. Қалған мамандарға 400 000 теңге сыйақы берілген.

Ұлттық құраманың басқа өкілдері – бас дәрігер, массаж маманы және ғылыми бөлім меңгерушісі де ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

baribar.kz.




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31