Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды

05 маусым 2022, 14:04

Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған.

Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп - 116-112, 116-112 және 118-110.

Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Австралияда өтуі керек екені айтылған.

Vesti.kz.