Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды

06 маусым 2022, 21:54

Мельбурн (Аустралия) қаласындағы Marvel Stadium спорт кешенінде жеңілмеген аустралиялық Джордж Камбосос (20-1, 10 KO) пен америкалық Девин Хэйни (28-0, 15 KO) арасындағы әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Хейнидің WBC, ал Камбосостың WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынған жекпе-жек аса қызық болмады.

 

Қарсрыластар 12 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 116-112, 116-112 және 118-110 есебімен жеңісті америкалық боксшыға берді.

 

Енді Камбосостың реванш өткізуге мүмкіндігі бар. Екінші кездесу де Аустралияда өтуі мүмкін.