Бокс

Бокстан Азия чемпионаты: 4 қазақстандық жартылай финалда

  • https://olympic.kz/

    https://olympic.kz/

Бокстан Азия чемпионатында қазақстандық тағы төрт спортшы жарысты жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгін шаршы алаңға ел құрамасы сапынан бес боксшы шыққан болатын. Олардың арасынан төртеуі жартылай финалға жолдама алды.

 

Алдымен Сәкен Бибосынов (52 келі) Шри-Ланка елінен келген Ласинду Эранданың осал тұсын тапты.

 

Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің өкілі Хусейн Аль-Кандариді Қазақстандық тағы бір боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) үндістандық Ашиш Кумардан басым түссе, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) үндістандық Нарендерден мықты екенін көрсетті.

 

Құрлықтық додада 81 келіде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ирандық Мейсам Гешлагиге есе жіберіп қойды.

 

Айта кетсек, кеше, 25 мамырда қазақстандық бес боскшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

 

Қазақстандық Даниял Сәбит (49 келі), Василий Левит, қыздар арасында Назым Қызайбай (51 келі), Римма Волосенко (60 келі) жартылай финалға шыққан болатын.

 

Еске салсақ, Азия чемпионаты Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында 24 мамырда басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады.

 

 






Көрілген: 336    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 10:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31