Бокс

Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

  • Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

    Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны. Бұл туралы АІВА академиясының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қоңқабаев – аса ауыр салмақта сынға түсетін боксшы. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.


«Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, Қазақстан намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз», - деді Қоңқабаев.


Бұл күндері Қазақстан боксшылары АІВА академиясының базасында жылдың алғашқы жиынын өткізіп жатыр.


Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтаған болатын.


baq.kz




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30