BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты

01 мамыр 2022, 18:31

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады.

 

Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті.

 

Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

 

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

 

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

 

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

 

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

 

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

 

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51 6.

 

Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

 

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

 

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69 9.

 

Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655 10.

 

Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.