Бокс

"Бір ғана қадам қалып тұр": Головкин спорттағы арманын айтты

  • "Бір ғана қадам қалып тұр": Головкин спорттағы арманын айтты

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, өзінің спорттағы арманы жайлы айтты деп хабарлайды sports.kz

Головкиннің сөзінше, алдағы кездесуде жеңіске жету үшін барын салмақ.

Себебі отандасымыз орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жиырма бірінші мәрте қорғайын деп отыр. Бұл осы дивизиондағы рекорд болып саналады.

"Мен үшін бұл жекпе-жек бокс тарихында елеулі із қалдыру мүмкіндігі. Осы дәрежеге жеткенімді мақтан етемін. Енді осы уақытқа дейін сақталған рекордты жаңартудың мүмкіндігі туып отыр. Менің ойымша, жаңа рекорд орнату - әр спортшы үшін үлкен жетістік. Сондықтан арманыма жету үшін бір ғана қадам қалып тұр деп айтса болады. 

Әрине, мен қазіргі өзімнің жағдайымды білемін. Сондықтан бұл жекпе-жекке барынша байыппен қараудамын. Мен өзімді мықты жағымнан көрсетуге тырысамын. Өзім үнемі айтатындай жұма күні Big Drama Show көресіздер", - дейді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, Головкин мен Польша боксшысы Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатында жергілікті уақытпен 17:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін 19 желтоқсанда "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан таңғы 4-тен бастап тікелей эфирде көре алады. Головкин-Шеремета жекпе-жегі Нұр-Cұлтан уақытымен шамамен 07:00-де басталады. Айта кеткен жөн, бұл бокс кешінде тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов шаршы алаңға шығады. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2746    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 23:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31