Бокс

Британиялық маман Елеусіновке мықтылармен жұдырықтасу ерте екенін айтты

  • © КТК

    © КТК

Британиялық TalkSport.com порталының спорт редакторы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусіновке (6-0, 3 КО) үлкен жекпе-жектерге шығу ерте екенін айтады.


17 наурызда Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен (37-24, 18 КО) сегіз раундтық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген болатын.


"Елеусінов Matchroom компаниясының болашағынан үміт зор боксшыларының бірі. Алайда Сильверио Ортиспен жекпе-жек жартылай орта салмақ мықтыларымен жұдырықтасуға әлі ерте екенін көрсетті.


Елеусінов аяғын жақсы қимылдатады және жылдам, алайда, ол әуесқойдағы бірқатар әдеттерін қоймаған. Бұл айтарлықтай қауіпті. Ол күш салу керек соққыларға барын салмайды, шала жасайды. Әрине бұл кәсіпқойға енді келгендердің көбінде бар, бірақ, осы уақытқа дейін одан арылу керек болатын.


Оның қызбалығына да көп нәрсе байланысты. Егер шыдамды болып, жұмысын істесе, қолынан бәрі келеді", - деп атап өтті Бенсон.


Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой боксқа былтыр сәуірде ауысты. 11 айда ол үш рет АҚШ, екі рет - Ұлыбритания және Монакода бір рет жұдырықтасқан. Әуесқойда қазақстандық боксшы 2016 жылғы Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген.  




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31