Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

16 наурыз 2023, 16:07

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Геннадий Головкин қазақстандық жанкүйерлер, БАҚ үшін айтарлықтай жабық. Ал танымалдылығыңды сен қалай қабылдайсың және АҚШ-та жүргенде қазақстандықтармен қаншалықты жиі араласасың?

- Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру - бұл қиын. Бұл күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді.