Бокс

"Бұл өтірік". Хирн DAZN мен Головкин арасындағы келісішарт туралы айтып берді

  • © FightingVision

    © FightingVision

Энтони Джошуа мен Джаррелл Миллердің жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатынан кейін британиялық промоутер Эдди Хирн IFL TV арнасына сұхбат беріп, DAZN стриминг қызметі менқазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы келісімшарт туралы пікір білдірді.


Сұхбаттың негізін vRINGe.com порталы жариялады.


- Головкин туралы ақпаратқа қатысты не айта аласыз?


- Мәлімет көздері берген ақпарат па? Шындығы аз.


- Оның DAZN-мен келісімшартына қатысты нақты ақпарат ше?


- Жоқ.


- Өтірік пе?


- Иә.


- Осы аптада құлақтандыру бола ма?


- Қандай?


- Головкиннің оралуы жайлы.


- Кездесулерде болдым және GGG Promotions компаниясымен бокс кештерінде бірге жұмыс істейтін боламыз. Бірге жұмыс істейміз бе, жоқ па, маған бұл бәрібір емес, мәселе олардың платформада болуы. Ұжымдасып қызмет етуіміз қажет, DAZN істеу үшін.


- Ломаченко - Кролла 12 сәуірде…


- Лос-Анджелесте. Кролла бұл жекпе-жекте салмақты андердог, жеңіл салмақтағы жақсы боксшы. Бұрынғы әлем чемпионы, Линареспен екі рет жұдырықтасқан, The Ring журналының белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Ломаченкоға міндетті қарсылас атануға қол жеткізді. Ол жеті санды гонорар алады, бұл оның өміріндегі ең маңызды жекпе-жек болады. Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында ең мықты pound-for-pound боксшымен жұдырықтасады. Оған мүмкіндік беріңіздер, андердог болса не болыпты, қолдау көрсетіңіздер.


- Оның шамасы келмейтін боксшылармен жұдырықтасқаны адамдарға ұнамайды.


- Енді не істейді?


- Адамдар кінәлайды…


- Мені?


- Иә, сізді көбірек.


- Сізге бірдеңе айтайын. Әлемде ең оңай нәрсе не екенін білесіз бе? Эдди Хирнді кінәлау.  


vesti.kz




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.02.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30