Бокс

"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

  • © Foto: Round By Round Boxing

    © Foto: Round By Round Boxing

Данияр Елеусінов 8 маусым күні "Мэдисон Сквер Гарден"-де өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда Олимпиада чемпионы GGG жекпе-жегінің андеркардында шықпайтын болды. Головкин мен оның промоутері Том Леффлер Елеусіновтің менеджментін кәсіпқой емес деп айыптады.


Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі істерімен айналысатын америкалық менеджерлік компанияның басшысы Зия Алиев бұл мәселені түсіндірді.


"Біріншіден, Том Геннадиймен сөйлескенімізді жақсы біледі. Геннадий де біледі. Мен өзім сөйлескен жоқпын. Сөйлескен адамның атын айтпай-ақ қояйын. Бірақ оның Головкинмен сөйлескенін анық білемін. Леффлердің не дегенін айта алар едім. Бірақ олай істемеймін. Керек болса, Том Леффлерден келген элекрондық хаттар мен смс хабарламаларды көрсете аламын. Ол өз хаттарында Даниярдың орнына өзге боксшыны ұсынатынын жазды", деді Зия Алиев Sports.kz-ке берген сұқбатында.


Оның айтуынша, бұл тұста Даниярдың командасы емес, Том Леффлер кәсіби маман емес екенін көрсеткен. Алайда Зия Алиев оны айыптамайтынын айтты.


"Геннадий оның боксшысы, әркім өзінің боксшысын қорғайды. Ал бізді кәсіби маман емес деп айыптау күлкілі. Менде Matchroom-нан келген хат бар, сіздер оны көрдіңіздер. Редакцияға ұсынған болатынмын. Бірақ мен оның жарияланғанын қаламаймын", - деді ол.


Менеджерлік компанияның басшысы Головкиннің өз жолы, Елеусіновтің өз жолы бар екенін атап өтті.


"Том Головкин өзінің жекпе-жек кешінде Данияр Елеусіновті көргісі келмейтінін айтты. Смс хабарламаларды көрсете аламын. Том бұған дайын болса, біздің дәлеліміз бар. Мен оларды көрсетсем, кім шындықты айтып отырғанын бәрі бірден түсінеді",- деді Алиев.


 Sputnik




Көрілген: 843    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 18:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31