Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Данияр Елеусінов белбеуінен айырылды

28 желтоқсан 2022, 18:16

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) енді халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы болып саналмайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аzattyq-ruhy.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Данияр бұл белбеуді 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп алған болатын.

 

Елеусіновтің чемпиондық атағынан айырылуы ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауымен байланысты болуы мүмкін. IBO ұйымының ережесінде ауыр салмақтан бөлек әр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондары тоғыз айда бір рет белбеуін қорғауы керек екені жазылған. Ал ауыр салмақ үшін бұл мерзім – бір жыл. Сол сияқты тек медициналық көрсеткіштер бойынша немесе IBO-ның жеке және абсолютті қалауы бойынша беріледі.

 

Елеусінов IBO ұйымының әлем чемпионы атағын жеңіп алған сәттен бері шаршы алаңға бірде бір рет шыққан жоқ.

 

Айта кетейік, соңғы сұхбаттарының бірінде боксшымыз 2022 жылдың соңына дейін жекпе-жек бойынша нақты ұсыныстар алмаса, карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі «дайындық үстінде» деп жазғанмен, қосымша мәліметтерді жарияламаған еді.