Бокс

Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты

  • https://novoetv.kz/

    https://novoetv.kz/

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) «Шрёдингер спорты» Youtube арнасына берген сұхбатында кәсіби мансабын қашан аяқтайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

 

- «Пакьяо жекпе-жегін 42 жастан бастап өткізіп келеді. Сіз спорттық мансабыңызды қашанға дейін жалғастырмақсыз?»

 

- Бұл бір Аллаға аяң, өзіме, оның маған берген күшіме байланысты. Оған қоса, менің қандай жекпе-жек өткізуім де маңызды. Негізінен, боксшы жасының ұлғайғанына байланысты емес, ауыр жұдырықтасулардан қартаяды. Егер бәрі жақсы өтсе, егер сен чемпион болсаң, уақытылы кете білуің де керек. Бұл – қауіпті спорт түрі. Әрбір адамның отбасы бар, отбасы мүшелерімнің кейбіреулері менің үлкен спорттан кетуімді сұрап жатыр, мен ол туралы атқым келмеген... Бірақ боксқа келген соң, өз мақсатыма жетіп, чемпион атанғым келеді. Әуесқой бокстан бәрін алдым, енді алдыма басқа мақсат қойып, кәсіби спортқа өттім. Осы жерден көздегеніме жеткім келеді. Кәсіпқой спортқа келгенде, Олимпиада чемпионы болсам да, атым белгісіз болды. Ендігі көздегенім, өзімнің үздіктердің бірі екенін дәлелдеп, барлық титулдарды жеңіп алу.

 

Еске салсақ, Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді.

 

Оның келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде.

 

Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.

 

 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30