Бокс

Данияр Елеусіновтің чемпиондық кездесуге қашан шығатыны анықталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО)  чемпиондық кездесуге қашан шығатыны анықталды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.

 

30 жастағы Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылы өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгоны  (23-4, 12 КО) жеңді. Енді ол келесі кездесуін қазан айында өткізуі мүмкін.

 

"Тағы бір-екі рейтингтік кездесу керек. Содан соң Данияр әлем чемпионы белбеулерінің біреуіне міндетті қарсылас болады. Бірақ ол кезде танымалдылық та үлкен рөл ойнайды. Өйткені көптеген әлем чемпиондары тәуекелге барғысы келмейді. Иә, егер сен рейтингте жоғары тұрсаң, олар кездесуге міндетті. Ал жалпы чемпиондық кездесуге шығу үшін танымал да болу қажет. Мысалы, Эррол Спенс (27-0, 21 КО) Елеусіновке қарағанда жоғалтатыны көп. Сондықтан ол айқасқа келіспеуі ықтимал.

Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) та дәл солай бас тарта салады. Олар әлем чемпионы деген атағынан бөлек, әлемде өте танымал. Бірақ міндетті қарсылас деген атаққа қол жеткізсек, ұйымдар арқылы кездесу ұйымдастыруға болады", - деді Алиев.

 

Еске салайық, қазан айындағы кездесуден бөлек, Данияр Қазақстанда да жекпе-жек өткізуі ықтимал. Бұл айқас 2021 жылға жоспарланып отыр.

 

 

 




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 19:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31