Бокс

Данияр Елеуісновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

  • Фото: Matchroom Boxing

    Фото: Matchroom Boxing

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұқбатында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қашан өтетінін айтып берді.

 

Хирннің айтуынша, ол қазақстандық боксшының келесі айқасын орта салмақта WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде мен Лиам Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында ұйымтастырады екен.

 

"Данияр шаршы алаңға сәуір айында оралады. Ол Андраде мен Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығады. Елеусінов әлі АҚШ жерінде қатты танымал емес. Бірақ ол кез-келген қарсыласпен шығуға дайын. Біз Вирджил Ортиспен кездесу ұйымдастыруға тырыстық. Бірақ Ортис келіспеді. Енді басқа мықты қарсылас таңдаймыз", - деді Хирн.

 

Еске салайық, Данияр Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қараша айында өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді. Бұл айқаста отандасымыз IBF Inter-Continental белбеуін ұтып алды.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30