Бокс

Деревянченко Головкиннен есе қайтарудың амалын тапты

  • © MMABoxing.ru

    © MMABoxing.ru

Орта салмақта әлем чемпиондығына үміткер болған уараиналық Сергей Деревянченко (13-2-0, 10 KO) мамырда мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 KO) жұдырықтаспақ ниетте. Бұл туралы The Athletic шолушысы Майк Коппинджер украиналық боксшының менеджері Кит Коннолиге сілтеме жасап хабарлап отыр.


5 қазан Нью-Йоркте Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) IBF және IBO белбеулері үшін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген еді.


Айта кетейік, Головкин де, Деревянченко да, Альвареспен жұдырықтасуды қалайтынын жасырмайды. Алайда Коннолли украиналық боксшы жеңілгеніне қарамастан, мексикалықпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі мол деген ойда.


"Шынын айтайықшы. Сергей біледі, жанкүйерлер де оның мықтырақ көрініп, жеңімпаз ретінде титулды алу керек болғанын көрді. Ал бұл Головкинге қарағанда Альвареске Сергей ауыр сын болатынын білдіреді", - дейді Коннолли.


Мұның алдында "Канело" өзіне нағыз сын бола алатын боксшымен жұдырықтасқысы келітінін айтқан еді.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 11:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31