Бокс

Деревянченко Қанат Исламды қалай жеңгенін есіне түсірді

  • Сурет: WSB

    Сурет: WSB

Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко Твиттер парақшасында Бүкіләлемдік бокс сериясында қазақстандық Қанат Исламмен өткізген кездесуі туралы пост салды.

 

Ислам мен Деревянченко Бүкіләлемдік бокс сериясында кездесті. Ол кезде Сергей италиялық "Milano Thunder" командасында өнер көрсетсе, Қанат "Astana Arlans" командасының намысын қорғады. Бұл кездесуде Деревянченко төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. Кейінірек украиналық боксшы "арландар" сапына ауысып, кәсіпқой боксқа кеткенше елордалық клубтың намысын қорғады.

 

"WSB. Қанат Исламға қарсы кездесу. Естелік", - деп жазды Сергей твиттер парақшасында.

 

Еске салайық, 2019 жылдың қазан айында Сергей Деревянченко тағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесіп, жеңіліп қалды.

 

Енді ол келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джермалл Чарло болады.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 2400    Пікірлер: 0

жұма, 14.08.2020, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31