Деревянченконы жеңген Джейкобс Головкинмен реванш өткізу туралы өз ойын айтты

29 қазан 2018, 12:06

Украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп IBF белбеуін иеленген Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинмен реванш өткізу туралы пікір білдірді деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Сергейдің алдында бас иемін. Оның мықты қарсылас екенін білгенмін. Онымен жұдырықтасу оңай болған жоқ, біраз тер төктім. Мен келесі кезекте "Канеломен" жекпе-жекке шыққым келеді. Енді менде де белбеу бар. Головкинмен жұдырықтасатын едім, алайда ол енді чемпион емес. Мен тек жеңімпаздармен жекпе-жек өткізгім келеді" , - деді Джейклбс.

Айта кетейік, Джейкобс — Деревянченко жекпе-жегі америкалық боксшының жеңісімен аяқталған болатын. Төрешілер шешімімен жеңімпаз болып табылған Джейкобс Головкиннен тартып алынған IBF белбеуін иеленді.