Джермелл Чарло бірінші орта салмақта әлемні абсолютті чемпионы атанды

15 мамыр 2022, 10:51

Америкалық боксшы Джермелл Чарло бірінші орта салмақта әлемнің абсалютті чемпионы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бүгін аргентиналық Брайан Кастаньоны жеңіп, WBO белбеуін тартып алды. Осылайша енді WBA Super, WBC, IBF және WBO белбеулерін иеленіп, бірінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Бұл жекпе-жек Карсон (АҚШ) қаласында өтті.

 

Чарло мен Кастаньо бұған дейін де кездескен еді. Былтыр өткен айқаста төрешілер тең нәтижені тіркеген. Бүгін болған кездесу 12 раундқа жоспарланған еді. Бірақ соңына дейін жетпеді.

 

Оныншы раундта Чарло  Кастаньоны екі рет нокдаунға түсірді. Содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

Америкалық боксшы бұл карьерасындағы 35 жеңіс болды. Ол 19 мәрте қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал аргентиналық карьерасында бірінші рет жеңілді.

 

Айта кетейік, Джермелл Чарло орта салмақта WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарлоның егіз бауыры.