Онтарио қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) Toyota Arena спорт кешенінде ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) иелік ететін жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің міндетті қарсыласын анықтағын жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпиондық белбеуге міндетті қарсылас атағы мексикалық боксшы Хильберто Рамирес (44-0, 30 KO) пен германиялық Бесел (32-3, 12 KO) сарапқа салды.
Кездесудің бірінші минутынан мексикалық боксшы үстемдік құрды.
Ал төртінші раунда Рамирес қарсыласын нокдаунға түсірді. Осыдан кейін Бесел есиін жия алмады. Сөйтіп төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Рамирес Биволдың чемпиондық белбеуіне міндетті қарсылас атанды.
Бірақ ресейлік онымен кездесуден бас тартатын шығар. Себебі, ол қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен екінші рет жолығуы мүмкін.