Экс чемпион Головкин - "Канело" айқасы не үшін керегін ашық айтты

27 сәуір 2022, 17:59

Үш салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Марко Антонио Баррера отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек не үшін керек екенін түсіндірді. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

- Головкинмен трилогия қыркүйекте деп талқыланып жатыр. "Канело" Головкинмен жұдырықтасу керек пе, әлде басқа қарсылас таңдағаны дұрысырақ бола ма, қалай ойлайсыз?

 

- Алдыңғы екі айқас адамдарды қанағаттандырды деп ойламаймын. Кім жеңгені жайлы дау көп болды. Сондықтан үшінші жекпе-жекпен бәрін шешіп, нүкте қою ең жақсы жол деп есептеймін.