"Елеусінов емес". Бивол қай Даниярға видео жібергенін айтты

13 мамыр 2022, 19:23

Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңгеннен кейін қай Даниярға видео жібергенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Менің Тоқмақта Данияр Тологон уулу деген досым бар. Біз бір-бірімізбен жақсы араласамыз және арасында видео жіберіп тұрамыз. Ол маған балықта жүргенін жіберді. Мен болсам соңғы видеомды жібердім. Ал Данияр ұлттық құрама жігіттеріне мотивация ретінде менің видеомды жіберген екен. Данияр Елеусіновпен де сәлем түзу. Бір-бірімізді әр жекпе-жек сайын құттықтап тұрамыз. Бірақ Елеусіновпен Данияр Тологон уулу секілді қатты араласпаймыз. Негізі соңғы видеом Елеусіновке арналмаған, - дейді Бивол.

 

Еске салайық, Данияр Тологон уулу бокстан Қырғызстан құрамасының бас бапкері.