Бокс

Елеусіновпен жекпе-жектен бас тартқан мексикалық Жүкембаевпен жұдырықтасады

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұған дейін мексикалық Карлос Хименес Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен жұдырықтасатыны айтылған еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұл ақпарат Жүкембаевтың ісін жүргізетін Eye Of The Tiger Promotion промоутерлік компаниясының Instagram парақшасында пайда болды.


"Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингі бойынша 140 фунттағы боксшылардың топ тізіміне кіретін Карлос Хименеспен жұдырықтасады. Біз оның Квебекте Матье Жерменге қарсылық танытқанын көргенбіз. Өткізіп алмаңыздар, тек қана PunchingGrace.com сайтынан тамашалай аласыздар", - делінген


Айта кетейік, Жүкембаевтың жекпе-жегі 16 наурыз Квебекте өтеді деп жоспарланған, ал Елеусінов мұның алдындағы ақпарат бойынша Хименеспен Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында одан бір күн бұрын жұдырықтасу керек болатын.


Еске салайық, 29 жастағы Хименес Канадада бір рет қана - Матье Жерменмен жұдырықтасқан, ал АҚШ-та жекпе-жек өткізіп көрмеген.  




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

жұма, 22.02.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31