Бокс

Елеусіновтің ағасы Головкиннің салмағында WBC белбеуі үшін кездесу өткізеді

  • Сурет: instagram.com/dauren_yeleussinov

    Сурет: instagram.com/dauren_yeleussinov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) орта салмақта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді,- деп хабарлайды kaz.vesti.kz порталы.

 

Кездесу Мексиканың Гваделахара қаласында өтеді. Елеусіновтің қарсыласы жергілікті боксшы Хуан Карлос Рэйгоса болады. Мексикалық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 16 кездесуде жеңіске жетсе (алты нокаут), 15 кездесуде жеңіліп қалған. Үш кездесуде тең түскен.

 

Бұл айқаста WBC International белбеуі сарапқа салынады. Бұл екінші деңгейлі белбеу. Боксшыларға әлемдік рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл белбеу канадалық Стивен Батлерге тиесілі болған еді.

 

Айта кетейік, дәл осы орта салмақта тағы бір отандасымыз Геннадий Головкин өнер көрсетеді. Ол IBF және IBO белбеулерінің иегері.

 

Бұл салмақта WBC белбеуі америкалық Джермал Чарлоға тиесілі. WBC (Franchise) белбеуі болса, Сауль "Канело" Альваерестің еншісінде.

 

Еске салайық, Елеусінов Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусіновтің ағасы.

 

 




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31