Бокс

Елордада 6 шілдеде өтетін кәсіпқой бокс кешінде қандай боксшылар рингке шығады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтандағы 12 мың көрерменді сыйғыза алатын «Барыс аренада» 6 шілде күні кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«6 шілде күні елордада кәсіпқой бокс кеші өткелі жатыр. Бұл тарихи сәттердің бірі болғалы тұр. Себебі, бұл кеште Жаңқош Тұраров шаршы алаңға оралады. Жаңқош соңғы бір жарым жыл бойы айқасқа шықпаған еді. Тағы бір айта кетерлігі - бұл кешке түбі марокколық француз боксшысы Нордин Оубали шыққалы отыр. Бокс кеші «Барыс-Аренада» өтеді. Билет бағасы 500-2000 теңге аралығында болады. Барынша танымал боксшыларды тартуға тырысамыз», - дейді MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Әлемдегі ең ірі спорттан хабар таратушы ESPN бұл оқиғаны АҚШ, Канададағы және Пуэрто-Рикодағы 100 миллионнан астам көрерменге трансляция жасайды.


Сондай-ақ iFL TV бұл оқиғаның қалған әлемдегі көрермендерге көрсетілімін қамтамасыз ету үшін трансляция жүргізетін болады.


Тұраровпен бірге жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали және Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық жұлдыздар да өз жекпе-жектерін өткізеді.



Бұған қоса аталмыш кеште Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар шығады.





 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30