Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордада өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

26 маусым 2023, 07:32

Астана қаласында өтуі жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.

 

Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.

 

Еске салсақ, Халықаралық Оолимпиада Комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты.

 

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 22 маусымда өткен кезектен тыс сессияда Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты. Мұндай шешім қабылдауға 69 сайлаушы дауыс берген. Оның біреуі ғана бұл шешімге қарсы болып, тағы 10 сайлаушы қалыс қалды.