Бокс

Энтони Джошуаның күздегі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

  • © Fightnews.info

    © Fightnews.info

Промоутер Эдди Хирн суперауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы британиялық Энтони Джошуаның (23-1, 21 КО) жекпе-жегіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды BoxingNews24.com.

 

Наурыз басында Джошуа болгариялық Кубрат Пулевпен (28-1, 14 КО) жұдырықтасатыны туралы құлақтандырылды. Кездесу 20 шілде Лондондағы "Тоттенхэм" стадионында өту керек болған, алайда, коронавирус салдарынан шегерілді.

 

Енді Джошуаның командасы бокс кешін көрермендермен өткізе алатын орын іздеуде.

 

"Қазақстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Абу-Дабимен сөйлестік. Бұл кездесуді көрерменсіз өткізуге бола ма? Мұндай деңгейдегі жекпе-жек билетінің сатылымынан 10 миллион доллар түсіруге болады. Сондықтан көрерменсіз болмайды. 10 миллионды қайдан аламыз? Сондықтан түрлі мемлекеттерді қарастырып жатырмыз.

 

Мәселен Аустралия мен Жаңа Зеландияда коронавирус жұқтыру өте төмен, жоқтың қасы. Егер жекпе-жекті қалаған жерімізде өткізе алмасақ, билет сатудан түсетін табыстың орнын толтыру үшін тапқырлық қажет.

 

Ұлыбританияда өткізгіміз келеді, бірақ, ол мүмкін емес. Джошуаның айқасын көрерменсіз ұйымдастырғым келмейді. Егер жекпе-жекті бос қалған залда өткізсек, ол өзін жайсыз сезінеді. Ал Джошуа қыркүйек пен қараша арасында жұдырықтасады деп ойлаймын", - дейді промоутер.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30