Бокс

Ербосынұлы "Канелоның" міндетті қарсыласы болуы мүмкін

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында гайаналық боксшы Аллен Леннокске (22-1-1, 14 КО) қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты.

 

Сондай-ақ әңгіме барысында ол алдағы кездесудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

 

"Қазір Мәскеуде дайындалып жатыр. Жаттығулар жақсы өтуде. Жақсы бабымдамын. Ауырудан толық айығып, кездесуге дайынмын. Қарсыласты көрдім. Ол өте мықты және техкинасы қалыптасқан боксшы. Оның үстіне чемпион болған. Бұл кездесу - екеуміз үшін де маңызды. Қазір стратегия мен тактика жағынан жұмыс істеп жатырмыз.

Өз отаныңда өнер көрсету әрине жақсы. Бірақ жауапкершілік те көп болады. Көпшілік маған сеніп, тек жеңіс күтіп отыр. Осы жағы шамалы психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Бірақ мен жақсы өнер көрсетіп, сенімді ақтауға тырысамын", - деді Ербосынұлы.

 

Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кездесудің жеңімпазы осы салмақта WBA белбеуінің иегері Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) міндетті қарсыласы болуы мүмкін.

 

Ербосынұлы соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

 

 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 19:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31