Есінен алжасты. Боксшы миға қонымсыз әрекетімен көрермендерді дүрліктірді

07 маусым 2022, 09:30

Дурбан (ОАР) қаласында өткен бокс кешіндегі WBF желісі бойынша жеңіл салмақта құрлықтың чемпионды атағы үшін жекпе-жекте оқыс жағдай болды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Фаворит болған Симисо Бутхелези (4-1, 2 КО) отандасы Сифесихле Мнтунгваны (7-1-2, 4 КО) жеңіп жатқан. Шешуші оныншы раундта андердог рингтен шығып қала жаздады. Төреші нокадаун болмады деп есептеп, Мнтунгваға рингке көтерілуге көмектесті.

 

"Осы кезде ол фаворитпен түсініксіз жағдай болып жатқанын көрді - Бутхелези зомбиға ұқсап кетті де, қарсыласымен емес, өз бетімен елестетіп алған адаммен жұдырықтаса бастады. Төреші бірден әрекет етіп, жекпе-жекті тоқтатты", - деп жазады басылым.