Америкалық ESPN порталы жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволдың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген кездесуін жылдың үздік апсеті деп таныды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кездесу мамыр айында Лас-Вегас қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша Биволдың жеңісімен аяқталды.
Сонымен қатар аталған портал Дмитрий Биволды 2022 жылдың үздік боксшысы деп те атады.