Бокс

Фируза Шарипова: Головкинге қатты қапа болдым

  • © Foto: Allfight.ru

    © Foto: Allfight.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова Головкин-Роллс жекпе-жегінің андекардынан Данияр Елеусіновтің алынып қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.


"Данияр Елеусіновке қатысты жағдайға қатты таңғалып отырмын. Мен карьерарамды бастаған кезде де осыған ұқсас оқиға болған еді. Геннадий Головкиннің андекардында өнер көрсеткіміз келген. Оның промоутері Том Леффлермен де келісіп қойған болатынбыз. Алайда Геннадийдің менеджері Олег Германнан "ешқашан Фируза Головкинмен бір кардта өнер көрсетпейді" деген жауап алдық. Бұл қылығы – дөрекілік, сол кезде қатты қапа болдым", – деді Шарипова өзінің инстаграм-парақшасында.


Боксшы қыз кезінде Геннадий Головкиннен ең болмаса сөзбен қолдау көрсетуді сұраған екен. Таныстары арқылы баспасөзде бір ауыз жылы сөз айтуын өтінген. Алайда ол бұған пысқырып та қарамаған көрінеді.


"Мені ресейлік боксшы Александр Поветкин әр жекпе-жегімнің алдында қолдап жүрді. Головкиннің сөзі кімге болсын мотивация беретін деңгейге жетті. Алайда, ол бұлай жасаған емес. Сол жағдайдан кейін алдыма Головкиннің нәтижелерінен асып түсем деген мақсат қойдым. Әрине, ол Қазақстанды әлемдік спорттық аренада танымал етті, алайда, мен одан жоғарғысына жеткім келеді", - дейді ол.


Фируза Шарипова Головкин немесе тағы басқа қазақстандық боксшылар жетпеген жетістіктерге жеткісі келетінін жасырмады.


"Жерлестеріне неге бұлай істейтінін түсінбеймін. Өзіме келер болсам, қазақстандық жас боксшыларды үнемі қолдап жүремін. Қазақстанда кәсіпқой бокстың дамығанын қалаймын. Сол үшін де жергілікті қор және промоутерлік компания аштық. Біз ұйымдастырған бокс кешін қарап отырсаңыз, қазақстандық жас боксшылар көп. Біз жерлестерімізді қолдауға тырысамыз, олардан ешқашан да бас тартпаймыз", – деп түйіндеді Шарипова.


Sputnik


 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30