Фируза Шарипова интернеттегі алаяқтардың тұзағына ілінді

21 желтоқсан 2021, 08:10

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова алаяқтарға алданып, ақшасынан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Қазақстандық боксшы интернет арқылы жаңа жылдық шыршаға тапсырыс берген. Бірақ, кейін белгілі болғандай, Шарипова алаяқтардың тұзағына ілінген болып шықты, деп хабарлайды allfight.

 

Мені жаңа ғана интернет-алаяқтар тақырға отырғызды. Instagram-дағы дүкенге шыршаға тапсырыс беріп, 42 мың төледім, бірақ жауаптың орнына өте дөрекі сөздер естідім. Басқа жерге тапсырыс беруіме жөн сілтеп, "Сізге ештеңе де жоқ, шырша да, ақша да жоқ", - деді. Мен оларды табу үшін құқық қорғау органдарына арызданамын, олар енді басқа азаматтарды да алдап жүрмесі үшін, - дейді бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова

 

Шарипова кәсіби бокстан үш салмақ категориясы бойынша әлем чемпионы. Ол соңғы рет 12 желтоқсанда Ливерпульде Ирландияның абсолютті әлем чемпионы Кэти Тэйлормен жұдырық түйістірді, жерлесіміз ол кезде жеңіліп қалған еді.