Бокс

Фируза Шәріпова Ресейдегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Фируза Шәріпова мен Анастасия Тришева жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы 63,5 кг, ал Тришева 63,4 кг шықты. Тришева Фирузамен болатын жекпе-жекке дайындық барысында Юлия Куценкомен спаррингке шығып жүрген. Әуесқой бокс және әуесқой кикбоксингте халықаралық турнирлердің біразын ұтып, тіпті кикбоксингтен Азия біріншілігінде жеңіске жеткен.



Осы салмақ санатында Фируза алғаш рет жекпе-жек өткізеді. Дегенмен, ол жеңетініне сенімді. Кәсіпқой бокстан қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шәріпова бүгін Мәскеудегі Флойд Мейвезер бокс академиясында ресейлік Анастасия Тришинамен жекпе-жекке шығады. Жуковкадағы осы рингте Григорий Дрозд - Кшиштоф Влодарчик, Владимир Кличко - Александр Поветкин жекпе-жектері өткен. Шәріпова осы жекпе-жегін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайтынын жеткізген. Салмақ өлшеу рәсімінде де Елбасының суреті түсірілген, «Ел үшін рахмет» деген жазуы бар жейдесін киді.


 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 13:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30