Флойд Мейвезер бокстағы келесі қарсыласын жариялады

14 маусым 2022, 17:30

Танымал америкалық кәсіпқой боксшы, олимпиада ойындарының қола жүлдегері кіші Флойд Майвезер келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізбек. Ол өзінің келесі қарсыласының кім екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vringe сайтына сілтеме жасап.

Флойдтың болашақ қарсыласы жапондық аралас жекпе-жектің шебері –  Микуру Асакура болмақ. Ол ("Rizin") жартылай жеңіл салмақ дивизионында өнер көрсетеді. Оның еншісінде кәсіби ММА бойынша 16 жеңіс пен үш жеңіліс бар. 

Жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Нақты уақыты мен Жапонияның қай қаласында өтетіні алдын-ала жарияланады.

"Мен бәріне өзімнің адал еңбегімнің арқасында жеттім. Әрдайым кешегіден жақсы болуға тырысамын. Әлемдегі түрлі қалаларды аралап, өз өнеріммен көрермендердің көңілінен шыққым келеді. Мен өз стильімді таптым. Менің жұмысым –  рингтен ләззат алу және мықты болу", – деді Флойд Мейвезер.


Өз кезегінде жапондық жекпе-жек шебері бабында екенін айтты. Ол залдағы көрермендердің көзінше "жеңілмейтін" кәрі құрлық өкілін жермен-жексен етуге дайын.

"Мен ережесіз жекпе-жек шебері, өз атымды халықаралық деңгейде көтеру үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын. Мен осы кездесуде жеңемін", - деді Мируку Асакура.

2018 жылдың желтоқсанында Майвезер рингке "Rizin" дивизионының атынан шығып, жергілікті кикбоксинг жұлдызы Теньшина Насукаваны бірінші раундта нокаундпен жеңген болатын. 

Stan.kz