Бокс

Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

  • © AP Photo / Chris Carlson

    © AP Photo / Chris Carlson

  • Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орташа салмақ дәрежесіндегі IBF чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты.


IBF Головкинді іріктеу кездесуіне қатысуға шақырған, бірақ ол келісім бермеді, деп жазады Sports.kz спорттық функционер Инго Фолькманнға сілтеме жасап.


Іріктеу кездесуіне эквадорлық неміс боксшысы Джек Кулькай мен IBF белбеуіне бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко шығады. Кездесу жоспар бойынша 13 сәуірде америкалық Миннеаполис қаласында өтуі тиіс.


Қазір IBF чемпиондық титулының иегері Дэниел Джейкбос мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға дайындалып жатыр. "Канело" бұдан бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулдарын жеңіп алып, орташа салмақ дәрежесінде WBC және WBA чемпионы атанған еді.


Геннадий Головкин "Канело" Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды. Жанкүйерлер қос былғары қолғап шеберінің кәсіби рингте тағы да күш сынасуын қалайды.


Былтыр Головкин IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.


 Sputnik




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Желтоқсан 2018
    "Жыл боксшысы" анықталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30