Бокс

Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті (видео)

  • © AFP 2019 / Frederic J. Brown

    © AFP 2019 / Frederic J. Brown

IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті. 18 желтоқсанда жерлесіміз поляк Камил Шереметамен жұдырықтасады.

 

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter парақшасында GGG-дің жағажайда қандай жаттығу жасайтынын көрсетті. АҚШ-та жүрген боксшымыз жылдамдық пен төзімділікті шыңдауға арналған жаттығулар кешенін жасап шықты. Атап айтқанда, құммен жүгіру, екі аяқты байлап қойып соққы жасау, қарсыластың соққысын тигізбеу және тағы басқа техникалар бар.

 

 

"GGG 18 желтоқсанға дайындалып жатыр. Ол Флоридада рекордтық түн жасауды көздейді", - делінген бейнебаянның жазбасында.

 

Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі

18 желтоқсанда Холливуд қаласында (АҚШ, Флорида штаты) Головкин &mdash Шеремета жекпе-жегі өтеді. Бұл туралы DAZN стримингтік сервисі жариялаған болатын. Головкин де өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жектің анонсын жасады. GGG орта салмақты IBF мен IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін рекордық 21-ші рет қорғап көреді.

 

Бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

 

 

Канелодан ұтылғаннан кейін Головкин бапкерін ауыстырған болатын. Қазір оны Джонатан Бэнкс жаттықтырып жүр. Былтыр GGG Сергея Деревянченконы жеңіп, IBF белбеуін иеленген болатын.

 

sputnik.kz




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.12.2020, 02:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31