Бокс

Геннадий Головкин карьерасын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

  • © DAZN

    © DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Sports Illustrated басылымына берген сұхбатында карьерасын қашан аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

 

"Карьерамды қашан аяқтайтыным туралы үнемі ойлап келемін. 20 жаста болғанымда да ойлағанмын. Дегенмен менің өзіндік ойларым бар. Әлі бабымдамын, көңіл-күйім тамаша және болашаққа деген көзқарасым да керемет", - дейді сәуірде 38 жасқа келген Головкин.

 

Мұның алдында Головкин жоспарлары туралы айтқанда коронавирусқа байланысты карантин аяқталғаннан кейін IBF желісі бойынша міндетті қарсылас Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген. Содан кейін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасуға дайын.

 

Айта кетейік, Шереметамен жекпе-жек Головкин үшін DAZN платформасымен жасалған келісімшарттағы алты жекпе-жектің үшіншісі болады. Кәсіби карьерасын қазақстандық 2006 жылы мамырда бастап, бірінші раундта венгриялық Габор Балогты нокаутқа түсірген.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31