Бокс

Геннадий Головкин қарсылассыз қалды

  • © boxingscene.com

    © boxingscene.com

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегіне қарсылассыз қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мұның алдында Головкин рингке 8 маусымда оралатыны және қарсыласы The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болатыны хабарланған еді. Осы аптада жекпе-жектің ресми құлақтандыруы болады деп те күтілген.


Алайда белгілі америкалық журналист Стив Ким бұл ақпаратты жоққы шығарды.


"Брэндон Адамс Головкинмен жұдырықтасады деген қауесет пен жаңалықтар тым әсірелендіріп жіберілген", - деп жазыпты Ким твиттер желісінде.


Бұл мәліметті Fightnews.com журналының польшалық шолушысы Пржемек Гарцарчик те растады.


"Жаңалықтар: Адамсқа Головкинмен жекпе-жекке дайындалудың қажеті жоқ сияқты. Бұл дұрыс та", - деп жазыпты ол да твиттерде.


Қыркүйекте қазақстандық орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Ал алдағы жекпе-жек Головкиннің DAZN стиминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқысы болады. 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30