Бокс

Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

  • Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

    Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлері Максимилиан мен Олег Германовтарды сотқа беріп, олардан 3,5 миллион өтемақы талап етуде. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Басылымның ақпаратынша, Максимилиан мен Олег Германдар әдейі табыс жөнінде есеп бермей, құжаттарда көрсетілген сомалардан артық мөлшерде комиссиялық сыйақы алып отырған.


Сонымен қатар Головкиннің соңғы жекпе-жегін ұйымдастыруға атсалыспаған менеджерлер, сол кездесу үшін сыйақы талап еткен.


Спортшының сөзінше, Германдар "Головкинмен заң жүзінде немесе лицензия арқылы тіркелмеген қарым-қатынасын бірнеше миллион доллар алу үшін қолданған, ал енді тағы бірнеше миллион алмақшы".


GGG Германдармен іскерлік қарым-қатынасын 2017 жылы тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда келісімшарттың тоқтатылғанына қарамастан, олар Головкиннің "Канеломен" болған соңғы кездесуінен табыс табуға тырысқан.


Басылымның мәліметінше, Геннадий 3,5 миллион доллардың қайтарылуын талап етіп, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол сотта менеджерлерімен ынтымақтастығы ресми түрде тоқтатылғанын күтіп отыр.




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 21:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30