Бокс

Головкин - Мунгия жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

  • Головкин мен Мунгия. Сурет: boxingscene.com

    Головкин мен Мунгия. Сурет: boxingscene.com

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) мен орта салмақтағы IBF және IBO ббелбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын растады. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлап отыр.

 

Бұған дейін промоутер екі тарап келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Жекпе-жек 5-мамыр күні мексикалықтардың "Синко де Майо" мерекесі күні өтеді.

 

"Қазір біз Головкин - Мунгия кездесуін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлық жанкүйерлерге қызықты болатын жекпе-жек. "Синко де Майо" мерекесінде өтеді", - деді Де Ла Хойя.

 

Айта кетейік, Мунгия соңғы кездесуін қазан айында Туреано Джонсонға (21-3-1, 15 KO) қарсы өткізіп, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті. Ал Головкин болса желтоқсан айында Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңіп, 21 рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

 

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1737    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31